Жаңа оқу легі басталды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты 2018 жаңа оқу жылының алғашқы “Қаңтар-наурыз, 2018” оқу легін бастады.
Елімізідң барлық өңірлері мен көршілес Моңғолия елінен жалпы саны 84 мешіт қызметкері ұсынылып, қабылдау емтиханынан өткізілді.
Емтихан қабылдаушы комиссия мүшелері қатарында:
Ислам институтының директоры – Мурзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы;
теология ғылымдарының докторы, профессор, институтымыздың ұстазы – Пәттеев Мұхитдин Исаұлы;
Әл-Әзһар университетінің докторы – Абдулла Мадих пен Мұхаммад Метвалли және институтымыздың Құран Кәрім және фиқһ пәндерінің ұстаздары Юлдашев Тайыржан мен Рахимов Абдухалық болды.
Емтихан нәтижесіне қарай, имамдарымыз екі топқа (“жоғары” және “жалғастырушы”) бөлініп, білімдерін шыңдауға кірісті.

Тақырып бойынша мақалалар