Елбасының жолдауы – ел дамуының жоспары

Бүгін Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Есенбеков Айдар Рақымжанұлының арнайы қатысуымен Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
«Әлем халықтарымен бірге төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде қадам басып келе жатқан бүгінде, еліміз технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды дамудың цифрланған форматына көшу барынша қолған алынып отыр»- деп атап көрсетті Айдар Рақымжанұлы, «өз кезегінде елімізде қызмет етіп жатқан имам-кадрлар да бәсекелестік дәуірге өтіп жатыр, сондықтан қазіргі қоғам талабына сай болу үшін имам бойынан барынша бәсекеге қабілеттілік талап етілмек».
Институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы өз сөзінде кезекті «Қаңтар-наурыз, 2018 жыл» оқу легінің басталғанын айтты. Еліміз көлемінен 80-нен астам және көршілес Моңғолия елінен 2 имам оқуға қабылданды. Білімге ынталы, оқуға ұсынылған имамдардың артуына қарамастан, білім беру сапасы, жатын орындармен қамтамасыз етіліп, қадағанып отыр.
Кездесу соңында мекеме басшалары ілім талап етіп келген имамдарды Елбасымыздың өзі көшбастап, тәуелсіз Қазақстанымыз әлемнің алдыңғы қатарындағы лидерінің біріне айналу жолында өзіміздің озық білім беру жүйемізді жүйелі жүзеге асыра отырып, озық білім алу мен қабілетті болуға шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар