БАС МҮФТИ БІРҚАТАР ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз дініміздің дамуына қомақты үлес қосып, қоғамға пайдасын келтірген, өзінің ерен еңбегімен көзге түсіп, Діни басқарманың алғаш негізі қаланған уақытта дін қызметкерлері мен имамдарға үлгі болған Асылхан қажы Өмірзақұлы және Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлымен   кездесті.

Бас мүфти  кездесуде Діни басқарманың бүгінгі қызметі мен дін аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Діни басқарманың жылнамасы жазылғанына ширек ғасыр болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, дініміз бен еліміз үшін ғасырға бергісіз маңызды кезең. Әрине, дін саласында жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымында еш күмән жоқ. Дегенмен осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың еңбек жолы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде Діни басқарманың негізі қаланып, даму жолы мен әрбір жетістігінің артында дін қайраткерлерінің еңбегі тұр», –  деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетсек,  Асылхан қажы Өмірзақұлы Бас мүфти болған Хазiретi Рәтбек қажы Нысанбайұлының орынбасары және Алматы орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарып, азаматтарды қажылыққа апару, Мысыр елінде имамдардың сауат ашу курсын ұйымдастыру сияқты т.б. игі істердің бастаушысы болып, негізін қалаған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы, Медеу ауданы «Әл Хамит» мешітінің бас имамы қызметін атқаруда. Кенжеәлі  қажы Қоңыратбайұлы Түркістан қаласының бас имамы, Алматы қаласындағы “Ақсай”, Алмалы аудандық “Төле би” мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған, қазір де ҚМДБ жанынағы Республикалық имамдарды бiлiмiн жетiдлiру ислам институтының директоры әрI Алматы қаласындағы «Қалқаман-2» мешiтiнiң бас имамы болып қызмет етуде.

Тақырып бойынша мақалалар