Имамдар халал құс фабрикасында экскурсияда болды

Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында “Қаңтар-наурыз, 2018 жыл” оқу легінде біліктілігін арттырып жатқан республикамыздың және көршілес Моңғолия елінен келген 84 дін қызметкерлері Алматы қаласында орналасқан “Әлел-Агро” халал құс фабрикасында экскурсияда болып, фабриканың жұмысымен толық қанды танысты. Экскурсия барысында имамдар көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылып, ойларымен бөлісті.

Бүгінгі күнде тұтынушылардың адал асқа деген сұраныстың  күннен-күнге артып келе жатқан тұсында республика көлемінде адал кәсіптің майталманына айналған кәсіпкерлерге еліміздің барлық имамдары мен институт атынан Алла Тағаладан кәсіптеріне береке тілейміз! Әмин

Тақырып бойынша мақалалар