Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен оқу бөлімінің меңгерушісі Тайыржан Юлдашев Мәскеуде өткен діни білім беру халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Қазақстандық бір топ дін саласының ғалымдары Мәскеуде өткен  X Халықаралық теологиялық Галимджан Баруди атындағы  «Ислам теологиясы және академиялық исламтану: әріптестік пен даму мүмкіндіктері» атты ғылыми-ағарту конференциясына қатысты.

Академик, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі, “Нұр-Мүбарак” университетінен ректор, профессор Жуда Басюни, проректор, профессор Шамшәдин Керім, оқу бөлімінің меңгерішісі ф.ғ.к. Алий Алмухаметов, ғ.д. Ахмед әл-Амир Жахин, Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбаев пен оқу бөлімінің меңгерушісі Тайыржан Юлдашев, ҚМДБ-ның қарағандылық өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырзалар қазіргі заман тудырған дін төңірегіндегі өзекті мәселелерге қатысты баяндамалар жасап, пікірлерін ортаға салды.

Қасиетті Құранмен басталған халықаралық жиында профессор Жуда Басюни  «Ақидадан дәріс беру тәсілдері мен оның нәтижелері» жайлы айтса, академик Әбсаттар қажы Дербісәлі «Қазақстандағы діни оқу орындарының ғылым, мәдениет пен білімді дамытудағы рөлі» жайлы, профессор Шамшәдин Керім ислам ғалымы, кеңестік жүйеге наразылығын нақты білдіру арқылы қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ ғұламасы Әбу Насыр Мубашшир ат-Таразидің эмиграцияда жүріп қалдырған мұралары мен ғылыми еңбектері жайлы баяндама жасады. Сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі дін мен мемлекеттің өзара байланысы жайлы Әлий Алмухаметов, ал доктор Ахмед әл-Амир Жахин «Ақида – өмір салты» деген баяндама жасады. Қарағандылық Өмірзақ Бекқожа ислам теологиясы, философиясы, ғылым мен академиялық білімнің өзара дамуы жайлы ғылыми зерттеулерін ортаға салды.

 

Ресей, Қазақстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Индонезия, Бруней-Даруссалам, Ирак т.б. елдердің дін саласындағы ғалымдары мен көрнекті өкілдерінің басын қосқан халықаралық жиын бірнеше шараның басын біріктірді. Ислам теологиясы мен академиялық исламтану, әріптестік пен даму мүмкіндіктері, қазіргі діни оқудың жаңа үлгісі, рухани орта мен діни ұйымдар қызметі мен дамуындағы жастардың рөлі жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, дәстүрлі Халықаралық конференция барысында Ресей мүфтилер кеңесі мен РФМДБ төрағасы Равиль Гайнутдин қазақстандық ғалымдар тобымен жеке сәлемдесіп, пікір алмасып, өз ризашылығын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар