Имамдардан алғыс

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылдық мешітінде бас имам болып қызметін атқаратын мен – Ғалым Айбек, әуелі Алланың қалауымен, облыстық Өкіл имамның ұсынысымен 2018 жылының қаңтар айында, Алматы қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық иммадардың білімін жетілдіру ислам институтына екі айлық біліктілікті арттыру курсына білім алып жатырмын. Мұнда алыс-жақын аймақтан, республикамыз көлемінде және көршілес Моңғолия елінен 84 имам оқуға қабылданды. Бұл көрсеткіш институт тарихында ең көп имам қабылданған лек болып табылды. Қабылдау емтиханынан өткен имамдар екі топта білімдерімізді шыңдауға кірістік. Институт ұлағатты ұстаздар ұжымы қатарын еліміздің бетке тұтар беделді теолог ғалымдары мен ғылым профессорлары құраған. Имамдарға екі ай бойы білім алуға барлық жағдай жасалған. Кең дәрісханалар мен көлемді қоры бар кітапхана, компьютерлік сынып имамдардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға таптырмас орай болды. Сабақтар дерлік интерактивті тақтамен өткізіліп, тиімділігі барынша артқан болса, кешкі уақытта теннис үстелі бір-бірімізді басқа қырымыздан тануға зор мүмкіндіктер туғызды. Институт асханасында үш мезгіл ыстық тамақ дайындалып, жатақханасында толық жағдай жасалған.

Екі ай оқу мерзімі аралығында біз тек оқу бағдарламасын игеріп қана қоймай, институт тәрбие бөлімі бағдарламасына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы, Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорына, «Әлел Агро» халал құс фабрикасына, Алматы қаласының көрікті жерлері: Медеу, Алмарасан шатқалы, Көктөбеге елтанымдық-экскурсиялық кездесулер мен саяхаттарда болдық.

«Қазақ даласында ата-бабаларымыз халқымыздың өлең, сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлең жолдарымен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп отырған»-деп, Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, бұл үрдістің бүгінгі күнгі дәстүрлі жалғасы ретінде Ислам институтында еліміздің ұлт және дін жанашырларымен, елге танымал қоғам қайраткерлерімен және белгілі спорт шеберлерімен де келелі кездесулер өткізілді.

Қорыта келгенде, бабаларымыз аңсап кеткен, тәуелсіз елімізідің көк аспаны астында көк туымыз желбіреген бейбітшілік заманда, елімізідің іргесінің одан әрі бекем болуы үшін дәстүрлі дінімізді кеңінен, жүйелі түрде насихаттауда ел имамдарының тереңінен білім алуларына тарихти болмаған жағдай жасалған деуге толық негіз бар.

Осындай игіліктің басында, әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының әрі тікелей қамқорлығымен, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлының бастамасымен құрылған «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының қаржыландыруымен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе жүзеге асырылып отырған істердің бірегей көрінісі.

Осы оқу легінде «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Айтбай Қайрат Орынбайұлымен де кездесу орайы нәсіп болды. Жоғарыда айтылған игіліктің куәгері ретінде, аталмыш қордың тікелей қамқорлығына ие болған 7 имам аталмыш лекте білім алдық.

Алла Тағаладан Елбасына, елдің қамын ойлап жүрген ел ағаларының істеріне береке тілей отырып, тәуелсіз елімізідің көк туы мәңгі желбіресін деп тілейміз!

Әмин.

Тақырып бойынша мақалалар