«Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық конференция

21 сәуір күні Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушaқызы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы, мемлекет қайраткерлері, ЖОО ұстаздары мен ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Мурзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы қатысты.
Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы өз сөзінде: «… Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының оқу бағдарламасында экстемизмнің алдын алу жолында арнайы «Жат ағымдармен күрес» атты пәні қамтылған», «…имам – дінді үйрету, сенім мәселесінде халықпен етене араласатын бірден-бір өкіл болғандықтан өз тарапынан дәстүрлі дінді насихаттауда білікті маман болу керек» – деп атап өтті.

Тақырып бойынша мақалалар