Мұсылмандар үшін қасиетті болған үш айдың әуелгісі Ережеп айы берекелі болсын! Халқымыздың дәстүрлі мерекесі – “Наурыз мейрамы” құтты болсын!

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаға тән!
Пайғамбарымыз Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын!
Мұсылмандар үшін қасиетті болған үш айдың әуелгісі Ережеп айы берекелі болсын!
Халқымыздың дәстүрлі мерекесі – “Наурыз мейрамы” құтты болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына 2017 жылдың «наурыз-мамыр» оқу легіне білімін жетілдіруге 58 имам қабылданды. Осы лекке ұсынылған имамдар тек республика көлемінен ғана емес, сондай-ақ институтымыздың «шетелдік имамдарды оқыту бағдарламасы» аясында көршілес Моңғолия елінен 4 имам қабылданып отыр. Моңғолия елінен ұсынылған имамдар қатарында Моңғолия Республикасының наиб мүфтиі Нұрқас Сәулетхан хазірет те бар.
Ислам институтының директоры тегін оқу грантына елімізден ұсынылған имамдардан тыс Моңғолия елінен қабылданған 4 имам да қамтылып отыр.
Ерекше айта кететін жәйт, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің бастамасымен институтымызға әр оқу легінде ілім талап етіп келетін имамдар қатарын Бұхара, Ташкент және Нұр-Мүбәрак универститі сынды жоғары оқу орындарын бітірген білімді де тәжірибелі имамдар үлесінің болуы алға қойылып отыр.
Қазакстан және көршілес ТМД елдерінен білім іздеп келген имамдардың діни білім деңгейін жоғарлатып қана қоймай, кәсібі шеберлігі жоғары, қазіргі заман талабына сай, ел құрметтейтін, халқына үлгі болатын имам-мамандарды дайындау мақсатында институт екі айлық интенсивті оқу бағдарламасы Құран, Фиқһ, Хадис сияқты діни ілімдермен қатар этнография-тарих және пәлсапа пәндерін де қамтиды.
Кезекті оқу легінің басында имамдар Құран, Фиқһ және Ақида пәндерінен сараптама емтиханын тапсырды. Емтихан көрсеткіші бойынша, имамдарымыз «жоғары» және «жалғастырушы» болып екі топқа бөлініп, ғылым кандидаттары, доктор, академик, профессорлардан құралған институтымыздың ұлағатты ұстаздары мен ғұламалары алдында білімдерін шыңдауға кірісті.
Әуелі Алла алдындағы міндеті мен ел үмітін арқалаған имамдарымызға Жаратушы Жаббар Иеміз зейіндерін ашып, пайдалы ілім нәсіп етсін деп тілейміз.

Ислам институтының баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар