Өкіл имаммен кездесу

Бүгін, Ислам институтына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша Өкіл имамы Қарақұлов Еркебұлан институтта білім алып жатқан имамдармен арнайы кездесуде болды.

Кездесу алғыс сөзінде институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Еркебұлан Ыбырайымұлын тағайындалған жаңа қызметімен құттықтап, табыстар тіледі.

Институтымызда “Наурыз-мамыр, 2018” оқу легінде білім алып жатқан еліміз ішінен және көршілес Моңғолия республикасынан имамдар ел алдында имам болудың аса сауаттылықтылықты қажет ететін сауапты міндет екенін, сол үшін де әрдайым ізденісте болудың маңыздылығы баса айтылған бұл жиналыс қасиетті жұма күнінің берекесімен өз пайдасын тигізері сөзсіз деп сенімдерін білдірді.

Ислам институтының баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар