Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасына экскурсия

Институтымыздың “Наурыз-мамыр, 2018” оқу легіне еліміздің түпкір-түпкірінен оқуға қабылданған имамдардың білімі мен біліктілігін көтерудің тиімділігін арттыру мақсатында тек қана оқу бағдарламасын меңгерумен ғана шектеліп қоймай, дін қызметкерлерімен сондай-ақ, түрлі мәдени-елтанымдық экскурсия, кездесулермен қатар көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Осындай іс-шаралар қатарында имамдарымыз Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасында экскурсияда болды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры – Сейдуманов Жанат Тұрарұлы экскурсияға келген имамдарға ұлттық көне жазбалардың маңыздылығының зор екенің атап өтті. Сонымен қатар кітапхана директорының бірінші орынбасары Бақытжамал Қайырбекқызы өз сөзінде: «Ұлтымыздың тереңнен бастау алатын дін мен мәдениетінің уағыздаушылары – бүгінгі Діни басқарма имамдары болса, ата-бабаларымыздан қалған құнды кітаптарды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің абыройлы парызымыз», – деп атап өтті. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының жетекшісі Айхан Құдайбергенқызы  көне жазбалар мен  сонау ХІІ ғасырдан бері сақталып келе жатқан Құран Кәрім сияқты түрлі көне жазбаларды ұсынды. Көне жазбаларды сақтаудың қыр-сырымен бөлісті.

Тақырып бойынша мақалалар