ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ НЬЮ-ЙОРКТЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев бастаған делегация Нью-Йорктегі Ұйымдастыру ұлттық ұйымы (ЮНАОК) өкілдерімен кездесті.

Делегация құрамында сондай-ақ, ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы да болды.

ЮНАОС әлемдегі барлық мәдениеттер мен діндер арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсіністік мәселелерін зерттейді.
ҚМДБ делегациясы аталған ұйым қызметімен танысып, осы бағытта жүргізілген семинарға қатысты.
Аппарат басшысы Ғ.Жәдігерұлы өз кезегінде елімізде әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің түрлі дін өкілдерін ортақ мақсатқа үндеп келе жатқанын айрықша атап өтті.  

(http://www.muftyat.kz  сайтынан)

Тақырып бойынша мақалалар