Діни оқу орындарына танымдық кітаптар сыйлыққа табысталды

«Арыс» баспасы мен қорының президенті Ғарифолла Әнес діни оқу орындарындарына кітаптар сыйға тартты. Бұл зекет есебінен берілген кітаптарды «Нұр- Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты, «Әбу-Ханифа» медресе-колледжі, “Үш қоңыр” медресе-колледжі, “Балдәурен” балалар лагері ие болды. Бес мекемеге сыйға тартылған кітаптардың жалпы құны 5 000 000 теңгені құрады. Сыйға тартылған кітаптар топтамасына халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін дәріптейтін еңбектер енді.

Игі іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, теология ғылымдарының PhD докторы Алау Әділбаев Шайқымұлы жүргізді.
Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ислам діні аясында болғандықтан бұл кітаптар дін қызметкерлерінің, жас буынның рухани білімін тереңдетіп, халықтың ұлттық кодты сақтап қалуына үлкен септігін тигізеді.

Іс-шара соңында Египет Ислам университетінің бірінші проректоры Шамшәдин Керім, Ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, «Әбу-Ханифа» медресе-колледжі директоры Құлмұхамед Махамбет сөз сөйлеп, дін қызметкерлерінің білімді де білікті болуы халықтың болашағына үлкен үлес қосатынын айтып кетті.

ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың
білімін жетілдіру ислам институты
баспасөз орталығы