Жаңа оқу легі басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының кезекті “Тамыз-қазан, 2018” имамдардың біліктілігін арттыру курсы тамыз айының 27 жұлдызы басталды.

Ерекше айта кететін жайт, аталмыш лекке көршілес Ресей Федерациясы, Омбы облысының мүфтиі Бота Бакулиннің ұсынымен Омбы қаласы мен облысынан 15 имам қабылданып отыр. Бұл өз кезегінде екі ел имамдарына өзара тәжірибе алмасуда зор көмегі болары сөзсіз.

Еліміз көлемінен ұсынылған 36 имамен бірге алдағы  екі ай бойы институтымыздың ғұлама-ғалым ұстаздарынан білім алатын болады.

 

 

Тақырып бойынша мақалалар