Рухани кездесу

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ел көлемінде     Қазақстан халқының жаңа рухани серпін алуы жолында атқарылып жатқан шаралар мен тың бастама-бағдарламалары аясында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты еліміздің рухани ордасы – Түркістан облысындағы киелі мекендерді аралап, зиярат етті.

Ислам институты делегациясы құрамында институт директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, институт ғұлама ұстаздары Мұхиддин Исаұлы, Ислам Жеменей, оқу бөлім меңгерушісі Тайыржан Юлдашев және институтқа Ресейден, Моңғолиядан, сондай-ақ еліміздің жан-жағынан білімін жетілдіруге келген 50 имам болды.


Ислам институты делегациясы рухани экскурсия аясында тарихи-мәдени Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері мен ежелгі қалалардың бірі – Отырар қорық-мұражайына барды.

Түркістан қаласында делегация мүшелері ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлымен кездесіп пікір алысты.

Рухани сапар қасиетті жұма күні, еліміздің үшінші ірі мегаполисі – Шымкент қаласында жалғасын тауып, Институт делегациясы ОҚО өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлымен, қалалық орталық мешітте Шымент қаласының найб имамы Ахметжан қажы Пірәліұлымен кездесті.

Имамдар киелі жерлерде құран оқып, Жаратушы Алладан ата-бабаларымыз үшін, еліміздің бірлігі мен болашағы үшін, барша мұсылмандар үшін дұға етіп, тілек тіледі.

Ислам институтының баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар