Қазақ Ұлттық университетіндегі кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессор ұстаздары мен магистранттарының ұйымдастыруымен өткен “Қазақстандағы ислами білім беру жүйесі: мәселелері мен болашағы” атты дөңгелек үстелге институт директоры Кежеәлі Қоңыратбайұлы мен іс басқарушысы Ерлан Манапов арнайы қонақ ретінде қатысты.

Жиналысқа, сондай-ақ, “Нұр-Мұбарак” Египет ислам мәдениеті университетіның оқытушылары мен ұйымдастырушы кафедраның профессор ұстаздары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында еліміздегі ислами білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы мен даму болашағы айналасында қызу пікір таластар, мен жас ғылыми ізденушілер арамында сұрақ-жауаптар өрбіді.

Кездесу соңында қонақтарға сыйлықтар таратылды.

  Ислам институтының баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар