Рухани астанамыз – Түркістан облысының өкілі институтымызда

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының жарлығымен құрылған, еліміздің рухани астанасы – Түркістан облысының өкіл имамы Ақтамберді Мұсабек қажы мен өкілдіктің іс басқарушысы Мұстафа Құлымбетов институтымызға арнайы ат басын тіреді.

Кездесу барысында имамдармен хал-жағдай білісіп, имамдық қызметтің салмағын саралап, білімді де білікті маман болудың маңыздылығына тоқталды.

Еліміздің рухани тұтасығы – ел болашағының кепілі екені, осы тұста имамдардың білімі мен біліктілігін үздіксіз жетілдіруде осы Ислам институтының, сондай-ақ имамдарды әлеуметтік тұрғыда қолдауда “Уақып” қайырымдылық қорының атққарып жатқан үлесінің зор екендігін тілге тиек етті.

Кездесу соңында ақсақал имам жаңадан тағайындалған өкіл имамға батасын беріп, алдағы уақытта атқарылар қызметіне зор табыстар тіледі.

Институт баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар