Қайрат Жолдыбай: Игілікке апарар жол

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Респубдикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына білім алып жатқан имамдар «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мешітінің бас имамы, философия ғылымдарының докторы, белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбай мырзамен кездесті.

«Бүгінгі жиынға ұйытқы болып отырған институт директоры – Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлына алғысымды білдіремін» – деп cөз бастаған,  Қайрат Жолдыбай мырза имамдарға Алла Тағалаға құлшылық жасай отыра, қоғамды жақсылыққа өзгертуге мотивацияландыру жолдарымен бөлісті.  

«Алла Тағала «Ра’д» сүресінің, 11-аятында: «Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді» – деген, сондықтан әркім өзінен бастап, жақсылыққа қарай өзгермейінше, қоғам өздігінен алға баспайды. Үнемі өзімізді білім тұрғысынан дамытыпасақ, тұрып қалған су сияқты болып, күн өткен сайын рухани құрғап қалуымыз мүмкін.

Білім информация жинау не көп білу емес, алған білімді іске асыру, демек, ілімге амал ету – білімнің құндылығы. Мәселен, бір ғана хадисті басшылыққа ала отырып, өмірдітүбегейлі өзгертуге болады.

Әлемдегі барлық мешіттерде әр жұма сайын уағыздар айтылып жатыр, онымен қоса миллиондаған ислами кітаптар шығып жатыр, егер сол таратылып жатқан білімнің барлығы өмірге айналып жатқан болса, мұсылмандар қай ғылым жағынан да  дамыған үмбет болар еді.

Адам өзін-өзі дамытуда күнделікті кітап оқып,салауат айтып, дұрыс тамақтанып және қандай да бір іске ықылас танытуды әдетке айналдыру өте маңызды болып табылады. Ең жоқ дегенде әр күн сайын кітаптың 5 бетінен оқып тұрсаңыз, жылына 1825 бет оқиды екенсіз. Ал ол – 300 беттік 6 кітап.

Мобильдік құралдарды тиімді пайдаланудың бір жолы: WhatsApp-тан арнайы топ ашып, Құран оқып, салауат айтып және оны бір-бірлеріңізге мен мынанша аят, мынаша салауат оқыдым деп бөлісіп отырсаңыздар, жақсылыққа өздеріңіз ғана емес, айналаңызды да өзгертесіздер.

Дұрыс тамақтану – денсаулықты жақсартудың басты кілті. Жалқаулықтан  арылу үшін ең алдыменен тамқтану мәдениетіне басты назар аудару керек.

Адамдар біруеді жасаған ісіне қарай бағаласа, Алла Тағала ықыласымызға қарай бағалайтыны белгілі.  Нысанаға бір мақсатты қойып, күнделікті сол мақсатқа жетуге әрекет ету керек» – деп, өзін-өзі үнемі дамытып отыруда ең бастысы уақытты тиімді пайдалану керектігін айтты.

Ізгі кеңестерге толы жиын соңында Ислам институты директоры Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Қайрат Жолдыбай мырзаға алғысын білдіріп, имамдермен өз тәжірибесімен бөлісті.

ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар