Имамдар халал стандарт жөнінде семинарға қатысты

Халал саласы әрқашан күн тәртібінен түспейтін мәселе екені рас. Әсіресе, асыл дінімізді дәріптеп жүрген имамдар қауымы үшін маңызы зор. Осы мақсатта Республикалық имамдар білімін жетілдіру ислам институтының ұйымдастыруымен қыркүйек-қазан шақырылымында Халал мәселесі көтерілді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдарға ҚМДБ «Халал даму» ЖШС директоры Елжанов Ануар Ізімбайұлы тағамдық-фиқх мәселесі, Е-тағамдық қоспаларының қыр-сыры, күмәнді химиялық қоспаларды қалай ажыратуға болады?!-деген сынды әр-түрлі маңызды тақырыптарды қозғады.

1,5 сағатқа созылған семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Алдағы уақытта да халал турасында білім жетілдіру семинар-тренингтері, жиындар өз жалғасын табатын болады.

Дереккөз: https://www.instagram.com/halaldamu.kz/

 

Тақырып бойынша мақалалар