Имамға құрмет – ұстазға ізет

2019 жылдың 7 қазаны күні ҚМДБ  жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты «Ниет» қорының қолдауымен ұстаздар күні аясында «Имамға құрмет – ұстазға ізет» атты іс-шарасын өткізді.

Мерекелік іс-шара барысында Ислам институтына 2 айға білімі мен біліктілігін көтеруге  келген имамдарға сый-сияпаттар ұсынылды.

Ислам институты директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы:  «Ислам институтының басшылығы, ұстаздары мен барша қызметкерлері жан-жақтан оқуға келген имамдарымызға аянбай қызмет етміз. Ол ең алдымен – оқушы имамдар білімін арттырудан өзге нәрсеге көңілдерін бөлмесін, 2 ай бойы ілімін толықтырсын деген мақсатты көздейді. Себебі, ықылас болмаса, білім дарымайды, демек, тақуалығы артпайды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдарымыз алған білімдерін өз жамағаттарымен бөлісіп, дәстүрлі ислам дінінің нығаюына үлес қосуына сеніміміз мол.     

ҚМДБ қызметкерлері ислам дінін халыққа түсіндіру жұмыстарымен ғана емес, көпбалалы, әлеуметтік қамтылмаған қоғам топтарына да үнемі қолдау көрсектіп отырады. Осыған орай, имамдарымыздың мереке аясында көңіл-күйлерін көтерейік, ізгі еңбектерін бағалайық деген оймен «Ниет» қорының қолдауымен сыйлықтар жасап отырмыз. Алдағы уақытта Ислам институтына оқуға келетін имамдарымызға да осы сияқты және өзге де сыйлықтар беру ұйымдастырылып жатыр» – деп іс-шараның негізгі идеясымен таныстырып кетті.

Сый-сияпаттар таратылып болған соң, имамдар кең дастархан басында бас қосып, халқымыздың бірлігі, дініміздің  көркеюі үшін бата жасады.

Ислам институтының

баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар