Бас мүфти Ислам институтының директорына алғыс хат табыстады

User Rating: Be the first one !

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумы өтті.

Форумға ҚР Президенті Әкімшілігі,  Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және қоғам қайраткерлері және 500 имам қатысты. Қоғамдағы руханият пен діни қызметке байланысты көптеген мәселелер талқыланып, келелі ойлар айтылып, үндеу жарияланды.

Форум аясында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздің руханиятына аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар тәжірибелі имамдарды марапаттады. Сонау келмеске кеткен кеңес үкіметі кезінде Бұхара, Ташкен, Түркістанда ұстаз көріп, тәлім алған Асылхан қажы, Кенжеәлі қажы сынды, кешегі көнекөз қариялардың көзін көріп, қазақы таным мен тәрбиені бойына сіңірген аға буын имамдарымыз, еліміз тәуелсіздік алған кездерден бастап, дін мен дәстүрдің үндестігін сақтап, ата-бабамыздың мұсылмандық мектебін жандандыруға және жас буынның жат ағымның жетегінде кетпеуіне атсалысты. Ұрпақтар сабақтастығының жойылмауына үлес қосты.

Осындай ел ізгілігі үшін жасаған еңбектерін бағалай отырып, Бас муфти ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлын арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Ислам институтының оқу бағдарламасына бірнеше тың өзгерістер енгізді. Соңғы жылдары  еліміздің дін қызметкерлерімен қоса Ресей Федерациясы  және Моңғолия елдерінен келген қандас дін қызметкерлері оқып шығуда.

 

Ислам институтының баспасөз орталығы

Тақырып бойынша мақалалар