Ислам институты бір айлық оқу курсын бастады

Ислам институты бір айлық оқу курсын бастады

ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ислам институтына оқуға қабылданған дін қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстанның әр аймағынан келген барлық дін қызметкерлері екі күн бойы қабылдау сараптама емтиханынан өтіп, интенсивті және ауқымды оқу бағдарламасы бойынша сабақ басталды.

«Наурыз-сәуір, 2020» тобының негізгі ерекшелігі – оқуға тек діни сауатты, Құран Кәрімнен кем дегенде бір пара білетін және басым бөлігі араб тілін жақсы меңгерген имам-молдалар, қарилар қабылданды. Бұл топтың оқу мерзімі бір айлық болып бекітілді. Сондай-ақ, Серікбай қажы Сатыбалдыұлы институт ұстаздарымен кездесіп, оқу бағдарламасын талқылады.

Тақырып бойынша мақалалар