Ислам институты ұстаздары онлайн емтихан қабылдауда

ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасы бойынша елдегі болып жатқан індетке байланысты онлайн сабақтар өткізіліп, емтихандар қабылдануда.

Білімі мен біліктілігін жетілдіру бағдарламасы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 61 дін қызметкері оқуға қабылданып, барлығы аралық сынақтардан онлайн өтіп, емтихан  тапсыруда.

Дін қызметкерлерінің  ауыл-аймақтарының шалғай орналасуына, жас шамаларының әртүрлі болуына қарамастан сабаққа онлайн қатысып, тәжірибе алмасуында еш кедергі болған жоқ.

Осы аралықта емтихандардан өткен барлық имамдарға Ислам институтының куәлігін пошта арқылы жіберу жоспарланып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ислам институтының

баспасөз орталығы 

Тақырып бойынша мақалалар