Біз туралы

Ислам институты еліміздегі өте маңызды ислами білім беру орындарының бірі. Институттың басты мақсаты – Қазакстан және көршілес ТМД елдерінен білім алуға келген имамдардың діни білім деңгейін жоғарлатып қана қоймай, қазіргі заман талабына сай, кәсіби шеберлігі жоғары, еліне құрметті, халқына үлгілі дін қызметкерлерін дайындау. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған, ертеңгі ел болашағы – жастарымыздың жат ағым жетегінде кетпеуі үшін білімімен тосқауыл қоя білетін, ұлттық кодты сақтай отырып, жарқын болашаққа жол көрсететін білікті имам-мамандар жетілдіріп шығару.